Таным саласы бойынша ашық сабақ.

Таным саласы бойынша ашық сабақ.

Ақпанның 29-ыншы жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде орыс тобында таным саласы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты бірінші санатты тәжірибесі мол білікті, тәрбиеші Мұсабекова Ғания Зарубековна өткізді. ҰОӘ өте қызықты әрі тартымды ұйымдастырылған. Балалар ертегі желісімен саяхаттап тақырыпты меңгеріп шықты. Әр белес, әр тапсырма балалар үшін қызықты болды. Балаларға конаққа ертегі желісі бойынша «Мыстан кемпір, Аленушка мен Иванушка келді». Тәрбиеші мен балалардың арасындағы жақсы байланыс түсінушіліктің нәтижесінде балалар өз білімдерін көрсете білді, тәрбиеші көздеген мақсатына жетті.Барлық тапсырмалар тақырыпқа сай, көрнекіліктері мол, тәрбиелік мәні зор. Соңында сиқырлы «пеш» балаларға дәмді бәліш сыйлады.

Дата: 22.04.2016, 6:09 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»