Масленица

Масленица

29 ақпанда "Жұлдыз" балабақшасында "Масленица" тақырыбында мерекелік іс-шара өтті. Балалар орыс халқының көңілді бір мейрамымен танысты. Мерекеге әр түрлі кейіпкерлер келді. Балалар ән салып, би билеп, өздерінің тақпақтарын айтып, ойындар ойнады. Тәрбиешілер мен балаларға ерекше көңіл-күй сыйлаған бұл мерекенің соңында көктемнің нышаны ретінде балаларға дәмді құймақ таратылды. Балалар көңілді кейіпкерлермен бірге орыстың халық аспаптарында ойнап, Масленицамен бірге шеңберге тұрып, әндерін шырқады.

Дата: 22.04.2016, 5:17 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»