Табиғаттағы жәндіктер

Табиғаттағы жәндіктер

Бүгін «Жұлдыз» бөбекжайында Педагогтар балаларға серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылу, улы жәндіктердің суреттерімен таныстырды және олардан қалай қорғану керек туралы айтып түсіндірді. Балалармен таза ауада ұлттық ойындар ойнады: «Күш сынаспақ», «Соқыр теке» Мақсаты: Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігі, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы тақпақтар шешуге деген қызығушылықтарын арттыру. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

Дата: 22.07.2021, 12:52 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»