«Үздік педагог» байқауы

«Үздік педагог» байқауы

29 Наурызда «Алпамыс» балабақшасында мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында қалалық «Үздік педагог» байқауы өтті. Байқауға қаламыздың 14 балабақшасынан үздік деп таңдап іріктеліп алынған мамандар қатысты. Бұл байқау үш кезеңнен тұрды, ақтық сында облыстық байқауға жолдама алу үшін өзара бақ сынасты. Байқау барысында тәрбиешілер мен мамандар өздерін таныстырып, өз шеберліктерімен жасаған бұйымдарын көрсете білді. Аталмаш шара 5 кезеңнен тұрды.Сонымен қатар білім деңгейлерін тексеру мақсатында сұрақтарға және педагогикалық жағдаяттарды шешті. Мамандар өздеріне берілген жобаны қорғап, кәсіби біліктіліктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірді. Бұл байқауда педагогтар жүлделі орындарға ие болды. Байқауда бас жүлдеге ие болған «Балақай» балбақшасының тәрбиеші. «Жұлдыз» балабақшасынан қатысқан Лиана Бекзатқызы екінші жүлделі орынға ие болды.

Дата: 2.04.2019, 12:22 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»