Қазақтың келіндері-ай!

Қазақтың келіндері-ай!

Әдемі де әдепті, инабатты да ибалы келіндерімізбен қалай мақтансақ та жарасымды. Ұлтымыздың салт-дәстүрлерінің ұлықтаушысы да, тіліміздің тірегіде осы келіндер. Халқымызда «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын»- деген дана сөз бар. Осы орайда Наурыз мерекесі қарсаныңда «Жұлдыз» балабақшасында «Келіндер сайысы» өтті. «Па, шіркін, қазақтың келіндері осындай- ақ болсайшы!»- дейтіндей бірінен-бірі өткен сұлу да көркем, он саусағынан өнер тамған шебер, үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсететін келіндер қатысты. Сайыс барысында келіндер өзін таныстырып, ой өрісін , білім деңгейімен біліктілігін бағамдайтын интеллектуалдық сұрақтарға да жауап берді. Өнер сайысында да келіндер бірі мың бұрала би билесе, екіншісі әуелете ән салып, мәнерлеп өлең оқыды. Осылайша қазақ келінінің ақылы мен парасаты сынға түскен байқауда бас жүлдені «Айгөлек» тобының тәрбиешісі Жакишева Н.Т жеңіп алып, қалған сайыскерлерде марапатталып, сыйлықтар тарту етілді.

Дата: 2.04.2019, 12:18 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»