Тәуелсіздік күні – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн.

Тәуелсіздік күні – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн.

Тәуелсіздік күні – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қолымыз жеткен Ұлы күн. Осыған орай 11 - 14 желтоқсан күндері аралығында «Жұлдыз» балабақшасында ҚР Тәуелсіздік күніне орай апталық өтті. Апталық А.Гайдар атындағы кітапханаға саяхатқа барудан басталды. Кітапханада «Болашаққа жол тартқан Қазақстан» атты көрмемен танысып, Қазақстан жайлы тақпақтарын, «Отаным», «Қазақстаным» әндерін айтты. Кітапханашы Тәуелсіздік құрбандары жайлы балаларға слайд арқылы мағлұмат берді. «Еркетай» тобында «Қазақстан кең байтақ елім» атты ертеңгілікпен жалғасты.Сонымен қатар балабақшамызда Тәуелсіздік күніне орай ата- аналардың қатысуымен «Атадан қалған мұра» атты көрме ұйымдастырылып көрмені бүлдіршіндер үлкен қызығушылықпен тамашалады. Апта соңы «Қызғалдақ» тобында «Тәуелсіздігім теңдігім» ертеңгілімен аяқталды.

Дата: 14.12.2017, 10:26 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»