Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні

Қараша айының 28 күні «Жұлдыз» балабақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтті. Мерекеміздің басты мақсаты – Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Мерекеге орай бүлдіршіндеріміз А.Гайдар атындағы кітапханаға саяхат жасады. Бүлдіршіндер кітапханада Қазақстан Республикасының әнұранын шырқап, Елбасымыздың өмір баянымен, ерең еңбектерімен танысып Елбасы жайлы слайд тамашалады. Бүлдіршіндер мерекеге арналған өнерлерін көрсетті, Отанға, Елбасымызға арналған тақпақтарын, әндерін орындады. Мерекелік шараға орай балабақшамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай кітап барлық топтардың қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер Елбасының өмірі мен оның тарихи еңбектері, сүйіп оқитын әдебиттері және ол туралы жазылған әдебиеттер мен баспасөз бетттерінде жарияланған мақалалар, фото суреттермен танысты.

Дата: 29.11.2017, 11:01 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»