"Ертегілер еліне саяхат" атты семинар

Бүгін «Жұлдыз» балабақшасында 2016-2019 оқу жылына арналған даму стратегиясы бойынша білім беру мазмұнын жаңартуға бағытталған семинар өтті. Тақырыбы «Ертегілер әлеміне саяхат». Мақсаты педагогтардың әлеуметтік мәдени және оқу құзыреттілігін көтеру арқылы балаларды, ата- аналарды кітап оқуға, ертегі тыңдауға қызықтыру. Семинарға әлеуметтік серіктестік бойынша А.Гайдар атындағы кітапхана әдіскері Ж.Қ.Сопина қатысып балалар поэзиясының атасы М.Әлімбаевтың өмірбаянымен таныстырып, шығармаларынан көрме ұйымдастырды. Педагогтар «Күлдіргі жарнама», «Жасырынған сөздер», «Кітап менің ақылшым», «Ертегі сыр шертеді» сияқты тапсырмаларды орындап сөз сөйлеу, ертегі сахналауда өз шеберліктерін көрсетті.

Дата: 21.11.2017, 11:06 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»