Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігі

«Жұлдыз» балабақшасында «Жол қауіпсіздігі» атты апталық өтті. Апталыққа барлық топтың ата-аналары қатысты. Ал орыс «Колокольчик» тобында «Заботливая мама» атты сайысқа бірнеше ата- ана қатысып, балаларының жол ережесіне қанық екенін көрсетті. Байқаудың мақсаты жарықпен шағылысып көрінетін киімді жолдарда жүріп келе жатқан жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігі құралы ретінде пайдалануды танымал ету болып табылады. Сондай-ақ, «Қызғалдақ» тобында шығармашылық саласы бойынша «Жүргізуші менің өмірімді сақта!» атты ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді.

 

 

Дата: 17.11.2017, 12:05 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»