Қазан айының 25-27 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты таңертеңгіліктер өтті.

Қазан айының 25-27 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты таңертеңгіліктер өтті.

Қазан айының 25-27 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында күз мерекесіне арналған «Алтын күз» атты таңертеңгіліктер өтті. Мерекеге түлкі, қоян, кірпі, саңырауқұлақ және жаңбыр секілді орман кейіпкерлері қонаққа келді. Әсем әуенмен балалар саңырауқұлақ пен тышқан биін биледі. Әртүрлі көкөністерге киінген балалар өздерінің тақпақтарын айтты. Сонымен қатар қонақтарға арнап балалар «Шалқан» ертегісін қойды. Балалармен қатар ата-аналар да, қонақтар да ерекше көңіл-күйде болды. «Кім жылдам», «Қатарын тап» ойындарында балалар өздерінің жылдамдықтары мен білімдерін көрсетті.

Дата: 27.10.2017, 8:08 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»