"Әлем таныған Әуезов"

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қарымды қаламгер Мұхтар Әуезовтың туғанына 120 жыл толуына орай қазанның 13-ші жұлдызында А.Гайдар атындағы кітапханада «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі өтті. Қазақ қауымы және қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін Мұхтар Әуезов – дара да, күрделі тұлға. Көрмеде Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы және оның шет тілге аудармалары өзге де еңбектері орын алды. Сонымен қатар көрмеде кітапханашы Қожымұратова Шырын Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны мен шығармаларын балаларға таныстырып кетті. Сондай-ақ Ырғабаева Айгүл Балқаш қаласының 80 жылдығына орай «Кенді өлкенің тынысы» айдарымен ұйымдастырылған көрме балаларды қатты қызықтырды. Көрмеде қаламыздың көркем ғимараттары, әсем көліміз, әлемге таныған балықтары, әйгілі мыс зауыты туралы әңгімеленді. Келесі кезекте кітапхана меңгерушісі Балғайша Дүйсекеевна қаламыздың құрметті азаматтары жайында ұйымдастырылған «Жұлдызды қолшатыр» бұрышымен таныстырды. Қолшатырда қаламыздан шыққан қаламгер ақын жазушылар, еңбек ардагерлері, әншілер орын алған. Мұхтар Әуезовтың мерейтойына арналып өткізілген кітап көрмесі балаларға қатты ұнап, үлкен әсер қалдырды.

Дата: 11.10.2017, 10:27 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»