Балаларға арналған дәріс-концерттік бағдарлама

Балаларға арналған дәріс-концерттік бағдарлама

Маусымның 23 күні «Жұлдыз» балабақшасында Республикалық конкурстардың лауреаты мультиинструменталист Кенжебеков Нұрәлі өнер көрсетті. Нұрәлі бүлдіршіндерді қазақ халқының ұлттық аспаптары: саз сырнай, құс сырнаймен таныстырып ойнап берді. Сонымен қатар қазақ күйлерінен поппури домбырада асқан шеберлікпен орындап балаларға ұмытылмастай әсер қалдырды. Әсіресе арнайы орындықта тұрған ойыншық ортекенің әр әуенге би билегені қатты ұнады. Соңында балаларға қазақ халқының ұлттық аспаптарын, күйлерін дәріптеп жүрген жас талант иесісі Нұрәліге балабақша әдіскері өнерінің өрге жүзуіне тілектестік білдірді.

 

 

Дата: 23.06.2017, 8:42 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»