«Балаларды қорғау күні»

«Балаларды қорғау күні»

1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Жұлдыз» балабақшасында балалардың ойын-сауық алаңында мереке аталып өтті. Алаңда балалар ертегі кейіпкерлерімен би билеп, көңілді ойындар ойнап, сайыстар өткізіліп балалар өздерінің өнерлері мен шапшандықтарын көрсете білді. Сонымен қатар ашық аспан астындағы кітапхана мерекесінің ашылу рәсіміне қатысты. Балалар ертегі кітаптарын тамашалап, онда ертегі кейіпкерлерімен танысып үлкен әсер алды.1 маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай көл жағалауында әртүрлі жастағы балалардың қатысуымен мереке аталып өтті. Бұл мерекеге «Жұлдыз» балабақшасының балалары да қатысты. Мерекеде балалар өз өнерлерін көрсетіп көңілді кейіпкерлермен бірге тамаша би биледі. Тамаша көңіл күймен балалар кейіпкерлердің қатысуымен «Жас суретші», «Естелік сурет» т.б. аралдарға бөлініп асфальтқа суреттер салды. Жас суретшілер көрсеткен өнерлері үшін номинациялармен марапатталды.

Дата: 1.06.2017, 10:54 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»