Мен сізге алғыс айтамын!

Мен сізге алғыс айтамын!

    Алпамыс балабақшасында  1 наурыз – Алғыс айту күніне орай  25 ақпаннан 1 наурыз аралығында іс- шаралар өткізілді. Ақпанның 25-і күні «Алғыс- сөздің асылы» атты  әжелеріміз бен аталарымызға арнап балабақша тәрбиешілері сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті. Ақпанның 26-ы күні балабақша тәрбиеленушілері әже, апайларына өз  алғыстарын жеткізді. Сонымен бірге  Жол-патрульдік полиция қызметкеріне біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз өз құрметтерін көсетіп, тыныш,бейбіт ұйқылары үшін ризалықтарын білдірдіСонымен қатар  балабақшада «Ата-анам, алтын тұғырым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде балалар  өз ата-аналарына деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті. Қуыршақ театры үйірмесінің ұйымдастыруымен «Бауырсақ» ертегісін тәрбиешілерміз балаларға арнап  сахналады.