"Бірге оқимыз" облыстық жоба WorkShop

«Бірге оқимыз» облыстық жобасы аясында 2021 жылдың 26 мамырында  музыка жетекшісі   А.Ж. Ракишева   «Мектеп жасына дейінгі балалардың  іс-әрекетінің түрі ретінде музыкалық аспаптарында ойнау» тақырыбы бойынша "WorkShop" қатысты. Қатысушылардың назарына музыкалық аспаптарды тәрбиеленушілерге үйрету технологияларын, балалардың музыка аспаптардың ойнау барысын және ата-аналармен жүргізілген жұмыс түрлерін көрсетті. Тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары белсендікпен қатысып, педагогтың берген тапсырмаларын қызығушылықпен орындады және кері байланыс кезінде алған әсерлерімен бөлісті. "WorkShop" педагогтың іс-тәжірбиесіне облыс және қала әріптестері жоғарғы  баға берді.