"Ғажайып математика" атты ашық сабақ

"Ғажайып математика" атты "Ботақан" тобында ҰОҚ ашық сабақ өтті. Ашық сабақта балалар математика патшайымының берген тапсырмалары бойынша тәулік бөліктерін ажыратып, геометриялық пішіндер туралы білімдерін тиянақтап, сандарды тура және кері санап, логикалық түрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін шыңдады.