«Қамқоршы» күні

  Білім министрлігі  жанындағы балалар  құқығын қорғау комитетінің  бастауымен «Мейірімді жүрек» атты акция шеңберінде  елімізде «Қамқоршылар» күні аталып өтуде.

    Кең байтақ еліміздің  барлық аймақтарында  қамқорлықтағы  балалар мен жас өсірімдердің  құқықтары  мен  мүддесін  қорғауды  өздеріне  өмірлік ұстаным  ретінде  ту ғып  ұстаған  қамқоршыларға  көмек көрсетуде.

   Қоныстағы №3, №25 мектептер  арасында «Қамқоршыларға»  арналған  мерекелік   іс – шара    ұйымдастырылды. Іс – шараға екі мектептің  «Қамқоршы» ата – аналары шақырылды. Мектеп директорлары -   С.Х. Сыздыкова ,  Ә.С. Омарова құттықтау сөз сөйледі.

  Қазіргі кездегі қамқоршы ата-аналардың  бала тәрбиесіндегі  орасон зор еңбектеріне толағай табыстар тілей отырып, ата- аналарға «Алғыс хат» табыс етілді.

 Соңынан  2 мектептің дайындаған мерекелік  концерттік бағдарламасы ұсынылды.

 Келген қонақтарымыз  алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Дата: 31.10.2016, 11:37 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп