Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы «1 қыркүйек- Білім күніне арналған» салтанатты сап жиыны мен «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында өткен сынып сағаттарының өткізілуі бойынша анықтама.

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебінде 2016-2017 оқу жылының 1 қыркүйегі күні сағат 10.00-де  «1 қыркүйек-Білім күні» арналған салтанатты сап жиыны өтті. Сап жиынын мектебіміздің директоры С.Х.Сыздыкова құттықтау сөзімен ашып берді. Сап жиынына  келген қонақтар  «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы» Шакенов Ізбасар Өміржанұлы мен «Медная компания Коунрад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Жұматаев Артық Нұрбергенұлы мектеп оқушылары мен ата-аналарға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік жиынның сәнін 7А сынып білім алушысы қалалық «Айгөлек» байқауының жеңімпазы Әлімхан Бекнұр  өзінің «Самға» әнімен жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады. 5А сынып білім алушылары Кәрімхан Айым, Сарсенбаева Асылай,Ермекова Арайлым «Бір үйдің баласындай» әнімен мерекенің сәнін кіргізді. 11 сынып  білім алушысы Тәңірберген Азат пен 1А сынып білім алушысы Мергенбек Дильназ «Алғашқы  қоңырау соғу» рәсімін  өткізді. Биылғы оқу жылында  1 сыныпқа 46 білім алушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттады.

  

Сап жиының соңы 1-11 сынып білім  алушыларына арналған «Мен өз елімнің патриотымын»тақырыбындағы сынып сағаттарымен жалғасты. Сынып сағаттары өз дәрежесінде өтіп, әр баланың жүрегіндегі өз еліне деген үлкен құрмет пен патриоттық сезімдерін көріп, келешек өз елі мен жерін сүйетін өскелең ұрпақтың өсіп келе жатқандығына  тағы бір мәрте көзіміз жетіп, осындай қуаныштың куәсі болдық.

 

Дата: 1.09.2016, 10:10 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп