Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің «Сыңғырла, күміс қоңырау -2016» атты соңғы қоңырау салтанатының өткізілуі туралы ақпар

2016 жылдың 25 мамырында сағат 10.00-де №25 орта мектебінде «Сыңғырла, күміс қоңырау-2016» атты мектеп бітіруші түлектердің соңғы қоңырау салтанаты өтті. Соңғы қоңырау салтанатына «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ-нің бас маманы Рахимов Ф.М., «Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ-нің басшысы Шакенов І.Ө., «Омарова Н.Ш. атындағы степендияның» құрылтайшысы Асержанов М.А. қатысты.

  

Соңғы қоңырау салтанатын бастауыш сынып мұғалімі Ботаханова М.Е. мен әскери жетекші Амантай Н.К. жүргізді. «Сыңғырла, күміс қоңырау-2016» салтанаты мектеп директоры С.Х.Сыздыкованың құттықтау сөздерімен басталды. Мектеп бітіруші түлектерді  «Балқаш қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ-нің басшысы Шакенов І.Ө. құттықтады.  Салтанатты жиында 11-сынып оқушылары Аркенова Ақмаралдың орындауында «Атамекен» әні, Тәңірберген Айдананың орындауында «Туған жер» әні шырқалды. Мектеп бітіруші түлектерінің ізбасарлары 1-сынып оқушылары түлектерге арнап жыр-шумақтарын оқыды. Сондай-ақ 2А сынып оқушылары Дамбай Самалдың, Мереке Аяулымның, 1Б сынып оқушысы Бакирова Меруерттің орындауында «Балапан» әнін, 6Б сынып оқушысы Мажит Әділеттің орындауында «Адай» күйін түлектерге сыйға тартты. 

   

«Сыңғырла, күміс қоңырау – 2016» соңғы қоңырау салтанатында 2015-2016 оқу жылының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Омарова Несіпқайша Шөкейқызы атындағы степендия» иегерлері үздік мұғалім мен үздік оқушы  анықталды. Степендия иегерлері: қазақ тілі пәні мұғалімі  Б.Б. Дүйсембаева мен 7 сынып оқушысы Рашидқызы Фариза. Жеңімпаздарды «Омарова Несіпқайша Шөкейқызы атындағы степендияның» құрылтайшысы Асержанов А.А.  медальдармен  марапаттады.  

   

Салтанатты жиын барысында дәстүрлі «Білім кілтін» тапсыру рәсімін 11-сынып оқушылары Жаксыбай Альфия, Кеңесбеков Даурен орындады. Мектеп бітіруші түлектер ұстаздар мен ата-аналарға алғыс айту мақсатында «Қоштасу вальсі» биін биледі. Соңғы қоңырау салтанаты  түлектердің орындауында «Қош бол, мектебім» әнімен аяқталды.

Дата: 26.05.2016, 3:15 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп