«Тәуелсіздік күніне» арналған мектепішілік іс-шаралар бойынша анықтама

ЖББ №25 орта мектебінде 2015 жылдың қараша айының 14-і күні «Тәуелсіздік күніне» арналған іс-шаралар жоспары жасалынды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 1-11 сыныптың білім алушылары мен сынып жетекшілерін жоспармен таныстырды.

Желтоқсан айының 5-і күні 7-11 сыныптың білім алушыларынан мектептің аға тәлімгері Н.О.Қалиақпар мен алғашқы әскери дайындық мұғалімі Н.К.Амантаймен  бірлесе «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында азаматтық тест алды.  Алынған тест жұмыстары талқыланды.

Желтоқсан айының 7 және 14-і күні мектептің радиоторабынан кезекші сыныптар мен өзін-өзі басқару ұйымының мүшелерімен бірлесе «Тәуелсіздік тірегі-қайсар рухы қазақтың» тақырыбында радиохабарлама жүргізілді.

Желтоқсан айының 10-ы күні мектеп фойесіне «Тәуелсіздік ата - баба арманы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды.

Желтоқсан айның 10-ы күні  мектептің кітапханашысы Қазыбекова Б. мен аға тәлімгер Н.Қалиақпар мектеп фойесіне «Тәуелсіздік туралы толғау» тақырыбындағы кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесін мектепке келген ата-аналар және мектептің білім алушылары тамашалады.

Желтоқсан айының 10-ы күні мектептің  2 қабатына 5-10 сыныптың білім алушылары  «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбындағы қабырға газеттерін шығарды.Шығарылған қабырға газеттері бойынша жеңімпаз сыныптар марапатталынды.

Желтоқсан айның 12-сі күні  «Ұланымыз елдің» тақырыбындағы қалалық ту ұстаушылар сайысына қатысты.

Желтоқсан айының 14-і күні мектебімізде  Тәуелсіздік күніне байланысты салтанатты сап жиыны өтті.Сап жиынын мектебіміздің директоры С.Х.Сыздыкова құттықтау сөзімен ашып,сап жиынында 11 сынып білім алушылары 2А және 2 Б сыныбының 6 үздік оқитын білім алушыларын Жасұлан ұйымына қабылдау рәсімін өткізді. 11 сынып білім алушысы Тәңірберген Айдананың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін өз мәнерінде орындап,сап жиынға көрік берді.6 Б сынып білім алушысы Мәжит Әділеттің  орындауындағы Н.Тілендиевтың «Әлқиса күйі» көпшіліктің көңілінен шығып,мерекелік көңіл күй сыйлады.Сап жиынында мектебіміздің ұстаздары мен білім алушылары Тәуелсіздік құрбандарын 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.

Желтоқсан айының 15-сі күні «Қазақстан жолы-2050» тақырыбындағы сынып сағаттары 1-11 сыныптарда өтті.Тәуелсіздік күніне байланысты бейне фильмдер көрсетілді.Әр сынып сынып бөлмелеріне бүктеме қағаздар дайындады.Сынып бұрыштарын Тәуелсіздік мерекесіне сай мәліметтермен толықтырды.

Осы айларда өткізілген әр іс-шарадан мектептің білім алушылары осы бейбт күнге жеткізген,өз өмірлерін қиған аға,апаларымыздың ерліктерін ешқашан ұмытпай,әрқашан есте сақтайтындықтарын көрсетті.

 

 

Дата: 15.12.2015, 8:19 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп