Размер шрифта:

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің 1-9 сынып білім алушыларының «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның ақпары

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 орта мектебінің 1-9 сынып білім алушыларының «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның ақпары

   2015 жылдың 23 мамырында сағат 10-00де №25 орта мектепте 1-9 сынып білім алушыларының «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті.

  Салтанатты жиын  Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды.

   Жиынды 8 сынып оқушысы Кенбабин Ахат және аға тәлімгер Қалиақпар Назым жүргізді. Алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының міндетін атқарушы Амирбаева Сауле Сакенқызына берілді.

   Сап жиында биылғы  2014-2015 оқу жылының соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұрғанына, бұл жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» атты Жолдауы жарияланған жылы , Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың кезектен тыс сайлаудан өтіп Президенттікке қайта сайланған жылы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы, Қазақстан Республикасы Конститутциясының  20 жыл толуымен, Қазақ хандығының  550 жылдығымен ерекшеленгеніне басты назар аударылды.

    Сап жиын барысында  5 сынып оқушысы Төлеубай Нұрайдың  орындауында «Үш қоңыр» әні,  5 сынып оқушысы Әлімхан Бекнұрдың  орындауында «Туған өлкем» әні,  7-9 сынып оқушыларының орындауында «Қазақ биі»  орындалды.

   2014-2015 оқу жылында үздік және дарынды оқушыларды, мектеп жетістіктерін атап өту  рәсімін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сағатбекова Гульмира Бақытбекқызы жүргізді.

 

Мектеп директорының м.а                             С.С.Амирбаева

Дата: 24.05.2015, 7:22 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп