Размер шрифта:

Қайырымдылық акциясы

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25  орта мектебі бойынша 2014-2015 оқу жылындағы  «Қайырымдылық» акциясы бойынша атқарылған жұмыстары туралы анықтама.

 

ЖББ №25 орта мектебінде «Қамқорлық» акциясы бойынша 2014-2015 оқу жылында мектебіміздегі аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы, қамқорлыққа алынған отбасының білім  алушыларына арналған акциялар ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты әр баланың жүрегінде «Қамқорлық» сөзін ұғына білу, сезіну, қолдарынан келгенше көмек жасай білуге үйрету, бір-біріне деген үлкен сүйіспеншілікті одан әрі дамыту. Осы мақсатта 1-11 сыныптың белсенділері және мектептің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері бірлесіп,мектеп ұстаздарымен бірлескен акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсатын түсіндіру үшін мектептің 1 қабатына хабарландырулар мен сап жиыны ұйымдастырылды.Сап жиынында адам бойындағы ең асыл құндылық жанашырлық екендігі түсіндірілді.Акцияға  барлық мектеп ұжымы мен білім алушылары үлкен жауапкершілікпен атсалысты.Акция кезінде мектептегі аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына жиналған оқу –құралдары мен киім-кешектер таратылып берілді.Осы акцияда үлкен жауапкершілік көрсеткен  мектептің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері .  Акцияның  ұйымдастырылуының маңыздылығын түсініп,мектептегі білім алушылар  осындай акциялардың жиі ұйымдастырылуы керектігін айтты.

 

 

Мектеп директорының    м.а                                  Оспанова А.К.