«Құқықбұзушылық дегеніміз не?», «Нашақорлықтың алдын алу», «Жол қауіпсіздігін сақтау», «Судағы қауіпсіздік»,«Қоғамдық орнындарды өздерін ұстау», «Қауіпсіз жаз»

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектеп КММ-сінде 2024 жылдың 20 мамыры күні Балқаш қаласы жасөспірімдер бөлімінің инспекторлары полиция капитаны Нұрбек Аян Алтайұлы, полиция аға лейтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмаганбетович келіп 1-11 сыныптың оқушыларымен «Құқықбұзушылық дегеніміз не?», «Нашақорлықтың алдын алу», «Жол қауіпсіздігін сақтау», «Судағы қауіпсіздік»,«Қоғамдық орнындарды өздерін ұстау», «Қауіпсіз жаз» тақырыптарында кеңес өткізді.Бүгінгі күні өткізілген әр іс-шара оқушылардың күнделікті өмірде естен шығаруға болмайтын «Алтын ережесіне» айналуы керектігін естеріне салды.Жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша бастауыш сыныптар арасында суреттер салу және осы тақырып негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Мектептің жас жол инспекторлары мүшелерімен кездесіп әңгіме кеңес өткізді,кеңес мүшелерінің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дата: 24.05.2024, 13:26 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп