«Қауіпсіз жаз-2024»

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебінде 17.05.2024 ж күні 1-11 сыныптың ата-аналарына «Қауіпсіз жаз-2024» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жолдасбекова,ЖПКБ ЮПТ полиция аға лейтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмаганбетович,Балқаш қаласы ТЖБ аға инженері Унтыбеков Ғалым қатысты.
Ата-аналарға «Қауіпсіз жаз-2024» атты қауіпсіздік шаралары туралы таныстырылды.Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар берілді. Полиция аға лейтенанты Қоразбаев Нұрлыжан Айтмаганбетович бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтарға тоқталып ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Төтенше жағдай басқармасының аға инженері Унтыбеков Ғалым жазатайым оқиғаларды болдырмау және оның алдын алу бойынша тоқталды.Жаз айларындағы жас балалардың суға шомыла білмеуі,қауіпсіздік шараларын үнемі есте с ақтамауы салдарынан болатын келеңсіз жағдайлардың алдын алу және оны болдырмау туралы көптеген кеңестер берді,ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Жолдасбекова 1-4 сыныптар арасында 01.06-28.06.2024ж аралығында мектебімізде «Жасдәурен» жазғы алаңының ұйымдастырылатындығын айтып өтті.Жиналыс соңынан ата-аналар сынып жетекшілерімен жекелей кездесіп,өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алып,балаларының білім мен тәрбие үрдісіндегі жетістіктері жайлы тиімді ақпарат алды. Әр ата-ана бүгінгі жиналыста баланың қауіпсіздігін сақтау туралы өздеріне керекті көптеген мәліметтер алып басқа да ата-аналармен бөлісетіндіктерін айтып,жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарасты.

Дата: 24.05.2024, 11:50 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп