«Мың шырақ» жобасы
Мамыр айының 6-18 аралығында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде Назарбаев университетінің студенттерінің ұйымдастыруымен «Мың шырақ» жобасы өз жұмысын бастады. Жобаның мақсаты балаларға мектептен тыс үйретілетін ілім беру. Ағылшынша айтқанда hard/soft skills. Студеннетрдің ойынша бұл қабілеттер олардың ішкі таланттарын ашып, алға дамытуға ынталандырады.
Жоба аясында ағылшын тілі, видеография, ғылым, сахналық өнер, шешендік өнер, ракета құру және сурет салу мен тігу сияқты қабілеттерді үйренгісі келетін мектебіміздің 5-8 сынып оқушылары клубтық үйірмелер мен қызыққа толы ойындарға белсене қатысуда.
«Мың шырақ» NU SDF фондымен қаржыландырылып, Teach For Qazaqstan ұйымының қолдауымен іске асырылады.
Жоба соңында оқушылар әр клубтан 2 апта ішінде жеткен жетістіктерін, өнерлерін ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне таныстырады.
Жобаның барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!
Дата: 16.05.2024, 9:55 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп