Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» тақырыбында 5-9 сыныптың ата-аналарына арналған дәріс сабағы

Мектебімізде 2024 жылдың ақпанның 9-ы күні Ата-аналарды қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Бала – ата-ананың көз қуанышы, жүрегінің нұры, жанының бір жапырақ бөлшегі» тақырыбында 5-9 сыныптың ата-аналарына арналған дәріс сабағы өтті.
Мақсаты: Ата - ананың мектеппен тығыз байланысын арттыру. Отбасының мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, қамқорлық жасауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Дата: 19.02.2024, 15:04 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп