«Уақыт Сізді таңдады...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

2024 жылдың 15 ақпаны күні мектебіміздің оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толмақ. Осыған орай мектебімізде «Уақыт Сізді таңдады...» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда М.Д.Абдирбаев пен Б.М.Мухамедиев қатысты. Шара ең алдымен 71 жасында дүниеден өткен, СССР кезінде Ауғанстанда совет күштерінің арнайы мақсаттағы тобын басқарған, «қара майор» лақап атымен әйгілі болған Борис Керімбаевты және ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Келген ардагерлеріміз оқушыларға Ауған соғысы туралы көптеген естеліктер айтты
Сонымен бірге іс-шарамызға Әлімхан Ермеков атындағы “№17 мектеп-лицейінің” АӘТД жетекшісі Д.М.Левкович, “Зияткер” мектебінің АӘТД жетекшісі М.І.Балбыков шақырылды..
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмытылмас.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін

 

Дата: 19.02.2024, 14:55 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп