"Мұғалімнің жұмысының тиімділігін арттыратын цифрлық құралдар" тақырыбында шеберлік сабақ өткізді.

Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде "Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылық апталығының аясында информатика пәні мұғалімі М.Б. Имашова мұғалімдерге арналған "Мұғалімнің жұмысының тиімділігін арттыратын цифрлық құралдар" тақырыбында шеберлік сабақ өткізді. Сабақ барысында презентация жасауға, кері байланысты жүзеге асыруға, онлайн тақта және геймификацияға арналған сайттармен таныстырды.
#obb_qaragandy #umckrg

Дата: 19.02.2024, 14:28 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп