"Excel-battle" сайысы

"Цифрлық әлем" ақпараттық және компьютерлік сауаттылық апталығы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде ақпанның 6-сы күні 8 сынып оқушылары арасында "Excel-battle" сайысы болып өтті. Сайыстың басты мақсаты оқушылардың жартыжылдықта алған білімдерін жүйелеу және жалпылау. Сайыста оқушылар Excel бағдарламасы туралы сұрақтарға жауап беріп, бағдарламада тапсырмаларды орындады.
#obb_qaraganda #umckrg

Дата: 19.02.2024, 14:22 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп