«Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларымен кездесу болды. Кездесуге осы мектепте оқып білім алған қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер шақырылды.

2024 жылдың 16 қаңтарында Балқаш қаласы «Ы.Алтынсарин атындағы N25 ЖББ мектебі» КММ-де 9-11 сынып оқушыларымен кездесу болды. Кездесуге осы мектепте оқып білім алған қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында оқып жүрген студенттер шақырылды..
Қонақ болып келген 2021 жылғы түлектер:
1. Төлеухан Әділхан – Астана Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3 курс студенті
2. Төлеубай Нұрай – Гумилев атындағы Евразия университетінің 3 курс студенті
3. Талғат Арнұр – Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 3 курс студенті
4. 2023 жылғы түлек Рашидқызы Мадина - Е.Букетов атындағы Қарағанды университетінің 1 курс студенті
Мақсаты: оқушыларды жоғары оқу орындарында белгілі бір мамандықта білім алып жатқан студент жастармен кездестіре отырып, пікір алысуға, болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылысты оятуға бағыт беру.
Кездесуде қонақтар өздері оқып жатқан оқу орны, мамандық, оқу үрдісі туралы әңгімеледі. Алдағы уақытта мектепті аяқтағалы отырған жас түлектерге өз тараптарынан жоғары білім алу үшін тынбай іздену, жан-жақты болу керектігін айтып, өз ойларын ортаға салды. «Білімді жанға қайда да жол ашық, сондықтан әр күндеріңді текке өткізбей, білім іздеумен, тіл үйренумен айналысыңдар, келешек – біздің қолымызда», – деп қанаттандыра отырып өз кеңестерін берді.


#Карагандыоблысыбілім09
#Біртұтас_тарбие
#uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@rumcdo_official
@umckrg
@balqash_abb

Дата: 25.01.2024, 12:39 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп