«Бес асық» және «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша «Алтын сақа» челленджі

2023 жылдың 17 қараша күні мектебімізде «9 айға 9 іс-шара» жобасы аясында «Бес асық» және «Асық ату» ұлттық ойындары бойынша «Алтын сақа» челленджі ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты: Оқушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін және елдің мәдени мұрасын сақтауға, ұлттық, ойындарды насихаттауға бағыттау.
Ұлттық ойындардың бірі - асық ойыны баланың ой-ерісін және көкжиегін кеңейтеді, мінезін төзімділікке, қозгалысын дәлдікке ептейді, көздін көру қабілетін арттырады. Сондықтан мектепте ұлттық ойын түрлерін жанғырту және насихаттау үшін оқушыларды асық, ойынына баулу басты құндылықтардын, бірі болып табылмақ.

 

Дата: 21.11.2023, 16:24 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп