"Маманға жүз сұрақ" тақырыбында кездесу

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер мерекесі аясында өткізілген мектепішілік жоспарға сәйкес "Маманға жүз сұрақ" тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің қадірлі қонағы Қуаныш Сағынтайұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық, аймақтық жыр мүшәйраларының жүлдегері. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің Құрмет грамотасы, Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған журналистер арасындағы облыстық байқаудың, Қарағанды облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған журналистер арасындағы байқаудың бас жүлделерінің иегері. «Хат» жыр жинағының авторы. Қуаныш Сағынтайұлы Аманқұлов қазіргі таңда «Балқаш өңірі» газетінің редакциясы» ЖШС директоры қызметін атқарады. Кездесуге 7-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыз жерлес ақынымыздың
шығармашылығымен танысып, өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтарына жауап алды.
#қарағандыоблысытілдекада

Дата: 18.09.2023, 15:12 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп