“Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті”, ”Буллинг, кибербуллинг ” тақырыбындағы семинар

    6 желтоқсан 2022 жылы  күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің “№24 жалпы білім беретін мектеп – интернаты” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушы,”Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін №25 мектебінің” әлеуметтік педагогы  Б. Т. Касатова “Террористік акт, өрт, газ шабуылы кезінде білім беру ұйымының басшысы мен қызметкерлерінің іс-әрекеті”, ”Буллинг, кибербуллинг ” тақырыбында семинар өткізді.

      Мақсаты: мұғалімдерге, мектеп оқушыларына қиын жағдайларда өз мүдделерін қорғауға, варварлық шабуылдың, манипуляцияның жойқын әсерінен қорғауға көмектесетін тәсілдерді үйрету.

Тақырып аясында бейнероликтар, слайд материалдары көрсетілді.

Дата: 7.12.2022, 9:41 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп