Жақсылық жасап жарысайық!
Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны. Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деп М.Әуезов айтқан екен. Жақсылық жасағанда екінші біреуді қуантып, тіпті бақытқа бөлеуге де болады. Міне, осы орайда біз Балқаш қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы№25 ЖББ мектеп әкімшілігі, мұғалімдер ұжымы қоныс тұрғыны, кезінде мектебіміздің түлегі болған Сетербай Ванияның балаларының туу туралы куәлігін, өзінің Қазақстан Азаматтығына құжаттарын тапсыруға көмек жасадық. Сетербай Вания - Монғолия Республикасы Баян Улэгэй ауданында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақстан Республикасына ата-аналарымен көшіп келген. 2002 жылы 1-сыныпқа келген. 2008 жылы атаулы мектепті бітіріп, қаламыздағы «Балқаш –Сервис» колледжін бітірген. Осы жылдар арасында Вания және балалары құжатсыз жүрген, ата-ана қаншама әрекет жасап көрген. Азаматтығы болмаған соң, жұмысқа да тұра алмаған. Жеке пәтер кезегіне де кезекте болмаған. Биылғы 2021-2022 оқу жылынан бастап мектеп әкімшілігі Сетербай Ванияның құжаттарын Қазақстан Республикасының Азаматтығына өткізуге, 2 балаға туу туралы куәліктерін алуға қаламыздағы көші-қон полициясына барып, көмек сұрадық. Көші-қон полициясының қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Құжаттарды жинақтап, өткізуде көп көмек жасады. Меніңше, кез келген адамның бойында жақсылықтың дәні жатады. Өйткені бұл қасиеттің өзі – адамдардың бойындағы рухани биік қасиет. Жақсылық атаулыға шын көңілмен, риясыз пейілмен, қайтарым күтпей жасалған, өзгелерді қуантататын, басқаларға пайдалы болатын амалдардың бәрі де кіреді.
«Ыбырай Алтынсарин атындағы
ЖбБ №25 мектебі»КММ
әлеуметтік педагогы
Касатова Б.Т
Дата: 3.03.2022, 9:29 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп