Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «Үздік өзін - өзі тану мұғалімі» байқауының қалалық кезеңі өтті.

 2021 жылдың 26 қазан күні Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «Үздік өзін - өзі тану мұғалімі»  байқауының қалалық кезеңі өтті. Мақсаты: «Өзін- өзі тану» РАББ бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру. «Үздік өзін - өзі тану мұғалімі» республикалық байқауының қалалық кезеңіне мектебімізден 2 мұғалім Касатова Бахыт Толеухановна, Казыбаева Динара Жанатбековна қатысты. Әріптестеріміз ереже бойынша 3 кезеңнің тапсырмаларынан өтіп, өз тәжірибелерін ортаға салды. Бірінші кезең «Педагог-портфолиосы», екінші кезең «Үздік сабақ» (бейнесабақтар кезеңі), үшінші кезең «Педагогикалық жағдаяттарды шешу» кезеңі. Қазылар алқасының шешімі бойынша Касатова Б.Т. жүлделі 3- орынға, Казыбаева Д.Ж. қатысушы сертификатымен марапатталды.Марапаттарыңызбен!

Дата: 26.10.2021, 17:03 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп