Әкеммен қай кезде де біргемін!

Ыбырай Алтынсарин   атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінде «20 маусым –Халықаралық әкелер» күніне байланысты маусым айының 17 күні «Әкеммен қай кезде де біргемін ! » тақырыбында  оқушыларымыздың әкелерімен өткізген қызықты да ,қуанышты ,ұмытылмас бір күндерінің фото суреттері жинақталып,көрме ұйымдастырылды.Іс- оқушыларымызға  “Әке ” ұғымы туралы түсінік беру  арқылы,    әке туралы ұғымдарын кеңейту.Оқушылардың ойлау дағдысын   қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, қызығушылығын   арттыру,     шығармашылық әрекетін дамыту.Сыйластыққа,мейірімділікке,   татулыққа,   қамқорлыққа тәрбиелеу. Әкенің отбасындағы  құндылықтарын насихаттау.Әке мен  бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту..

 Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі әкенің тәрбиесінен  басталады. Әке  - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше адам. Сондықтан да әке ұғымы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір  әкеге  сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздер бекер айтылмаса керек!Әке  бала өміріне үнемі қолдау жасап, тәрбиелей отырып , келешекте өз жемісін күтеді.Әкелеріміз аман болсын дей отыра бүгінгі өткізілген іс-шарамызды қортындыладық.

Дата: 16.06.2021, 15:33 Автор: №25 жалпы білім беретін мектеп