Размер шрифта:

"Робототехника" бағытында 4-сынып оқушылары арасында кегельринг жарысы өтті.

«Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі» КММ-інде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың

оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық апталығының мектепішілік іс-шарасының жоспары бойынша "робототехника" бағытында 4-сынып оқушылары арасында кегельринг жарысы өтті.

Робототехникадағы жарыстардың бір түрі кегельринг деп аталады. Жарыстың мақсаты- сақина шеңберінен (ринг) кегельдерді аз уақыт ішінде итеріп шығару.

Кегельрингке қатысу үшін робот ультрадыбыс және түс датчиктерімен жабдықталады. Кегельге салмағы аз, көлемі шағын заттарды қолдануға болады.