«Күз сұлулығы»

«Күз сұлулығы»

Оқушылар  сарайында күзгі демалысқа орай қалалық «Күз сұлулығы» атты сурет байқауы өткізілді.

Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын арттырып, дамыту; Балалардың суреттері арқылы көпшіліктің оқу мәдениетін көтеру, рухани байыту, жастардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру; Туған өлкеге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін сурет арқылы білдіруге мүмкіндік беру; Сурет саласында кәсіби және көркемөнер шығармашылығын дамытып, насихаттауға ықпал жасау. Байқауға қатысқан балалар мен жасөспірім оқырман қауымның шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру мақсатында 2019 жылдың 31 қазанында «Оқушылар сарайында» қалалық сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау рәсімі болып өтті.

Сурет байқауына барлығы 22 үміткерлердің 22 (сурет) жұмысы қабылданып, сурет туындыларын әділ-қазы алқасының мүшелері суреттердің мағынасына қарай, қатысушылардың жұмыстарына талдау-сараптама жасап, жүлделі орындарды анықтады және ынталандыру номинацияларына ие болды.

І орын – Оміргалы Ажар, №2 Абай атындағы лицейінің оқушысы

ІІ орын – Несіпбаева Аяулым, ЖББ №9 орта мектеп оқушысы

ІІ орын – Чернова Ирина, ЖББ №4 орта мектеп оқушысы

ІІІ орын – Пашкеевич Виктория, №17 мектеп лицейінің оқушысы

ІІІ орын – Сейденқызы Айгерім, №7 мектеп гимназиясының оқушысы

ІІІ орын – Тлеулиева Аида, №7 мектеп гимназиясының оқушысы

Дата: 1.11.2019, 21:48 Автор: Оқушылар сарайы