«Арайлы алтын күз!» концерттік бағдарлама

«Арайлы алтын күз!» концерттік бағдарлама

Табиғат - күллі тіршілік атаулының қуатты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Оқушылардың да көптен күткен алғашқы демалыстары осы күз мезгілінен бастау алады.

Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану және көңілді өткізу мақсатында 2019 жылдың 30 қазан күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз!» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Концерттік бағдарламада көркем эстетикалық бағыттағы «Аяла», «Сити дэнс», «Алтынай», «Томирис» би ұжымдары және «Voice» вокалдық тобының әншілері мен «Вдохновение» музыкалық студиясының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Концерттік бағдарлама өз деңгейінде өтіп, көрермен көңілінен шықты.

Дата: 30.10.2019, 21:01 Автор: Оқушылар сарайы