Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар ақпараты

Отан  қорғаушылар күні  мен  Ұлы  Жеңіс  күніне   арналған  іс-шаралар  ақпараты

    Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерліктерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында 7 мамыр  Отан  қорғаушылар  күнімен  9 мамыр  Ұлы Жеңіс  күніне  Оқушылар  сарайы үйірмешілері  және  қала  мектептері арасында  көптеген  іс-шаралар  ұйымдастырылды.

   Атап айтсақ  «Біз   Жеңістің   ұрпақтарымыз»  шашкидан  турнир, «Мен  -Отанымның  қорғаушысы» қалалық  сап түзеу  сайысы, «Жеңіске  қарай  ұмтыл» автомоделдеуден  жарыс, «Жеңіс туы желбіресін!» батпырауық ұшыру  фестивалі, «Әскери  экспресс» танымдық  әскери  патриоттық  ойын,«Ешкім де,  ешқашан да ұмытылмайды» танымдық  бағдарлама, «Боевое  братство воинов  интернационалистов» тәрбие  сағаты,«Егемен елдің қорғаны – Қарулы  Күштер»  тәрбие  сағаты, «Сен  де  ардақта, бұл мейрамды  жас ұрпақ!» тәрбие  сағаты, «Жарқын  күнге жеткізген  Ұлы  Жеңіс» информациялық  стенд, «Ұлы  Жеңіс  жасасын!»  шахматтан  турнир, «Бейбіт  күн жасасын  әлемде!» сурет  вернисажы  өткізілді.

Дата: 11.05.2019, 10:10 Автор: Оқушылар сарайы