1 –мамыр Қазақстан халықтарының достығы күніне өткізілген іс-шаралардың ақпараты

1 –мамыр  Қазақстан  халықтарының  достығы  күніне өткізілген  іс-шаралардың  ақпараты

      Жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырған Қазақстан атты елміз. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз - біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

       Ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау  мақсатында қала тұрғындарына  ұйымдастырылған   «Қазақстан- біртұтас, бір  ұлтты  ел!»  атты мерекелік   концерттік  бағдарламасына  Оқушылар  сарайының  көркем шығармашылық  бірлестігі  өз  өнерлерін  көрсетті.      Сонымен қатар  «Достық  балалар  көзімен»  атты  тас  жолға  сурет  салу  байқауында  Оқушылар  сарайының  ертегі  кейіпкерлері  балаларға  мерекелік  көңіл-күй  сыйлап,  тәтті  сыйлықтар  таратты.

       Оқушылар сарайының  үйірмешілері  арасында  да  іс-шашарлар  ұйымдастырылды.

       Атап  айтқанда  «Балқаш- татулық пен  достық  қаласы» тәрбие  сағаттары   және   «Шұғыла»  клубының  кішкентай  тәрбиеленушілерінің  арасында  «Достығымыз  жарасқан» мерекелік  бағдарламасы,  «Достық пен  ынтымақтастықты  дәріптеу»  «Бояулар  сыры» мен  «Бейнелеу  әлемі» үйірмесінің арасында сурет  вернисажы, «Жас  тілші» үйірмешілері  арасында  «Ынтымағы жарасқан  туған  өлкем  Қазақстан» атты  шығарма  байқауы, «Шапағат» клубының  кішкентай  бүлдіршіндеріне  арналған  «Мен, сен, ол, бәріміз» асфальтта  сурет  салу  байқауы, қала  мектептеріне  «Достығымыз  жарасқан» би   фестивалі  өткізілді.

      «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Дата: 3.05.2019, 10:24 Автор: Оқушылар сарайы