Құрылымдық диалог!

Құрылымдық диалог!

     Елімізде халықтың 30%-ін жастар құрайды. Тәуелсіз мемлекетіміз жастардың әл-ауқатын көтеріп, олардың денсаулығы, тиімді еңбек етуі секілді бірқатар мәселелерді қамтып, 14-29 жас аралығындағы қоғамның осы бір тобына арнайы заң жүйесін де енгізіп қойды. Мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі қызметінің аясын кеңейтетін жастар саясаты қарқынды жұмыс жасауда. 

      2019 жылдың 4 сәуірінде өткен бұл жиынға шаһар басшысы Аглиулин Александр Минвалиевич, бір топ жастар, құрамында МӨӨБ Президенттері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Іс-шара «еркін микрофон» форматында өтті. Әрбір ерікті азамат өзінің жетістіктері жайлы айтып, алаңдататын сұрақ қойып, алдағы уақыттағы жастар саясатының даму қарқыны жайлы ойымен бөлісті.

Дата: 10.04.2019, 10:23 Автор: Оқушылар сарайы