Қалалық «Ұлттық ойын-халық мұрасы» ұлттық ойындар жарысы

Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге тәрбиелеу және ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 27 наурыз күні Оқушылар сарайында қала мектептері арасында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындардан жарыс өткізілді.
Жарысқа 9 қала мектебі мен Саяқ кентінің №6 орта мектебі қазақтың ұлттық ойындары «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Бес асық», «Ләңгі», «Тоғызқұмалақ» ойындарынан күш сынасып, сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде– ЖББ №16 орта мектеп
І орын - Абай атындағы №2 лицей
ІІ орын - ЖББ №1 орта мектеп
ІІ орын– ЖББ №25 орта мектеп
ІІІ орын - ЖББ №24 орта мектеп
ІІІ орын - ЖББ №6 орта мектеп Саяқ кенті
«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» номинациясымен ЖББ №9 орта мектеп, «Ұшқыр ой» номинациясымен №2 мектеп-интернаты, «Білек күші» номинациясымен ЖББ № 5 орта мектеп марапатталды.