Көшбасшы

Көшбасшы

     2019 жылдың 27 ақпаны күні Оқушылар сарайында Балалар маслихаты хатшысын сайлау туралы Балалар маслихаты депутаттарының кезекті отырысы болып өтті. Хатшы болуға 16 депутаттың арасынан 4 үміткер өз бағдарламасын ұсынды.

  1. Макен Дидар Қанатұлы ЖББ № 16, 9 «А» сынып
  2. Штефырцэ Екатерина Евгеньевна  - ЖББТМИ, 9 «А» сынып
  3. Гультяев Иван Алексеевич ЖББ №1, 8«Г» сынып
  4. Титкова Арина Владимировна  – №17 мектеп-лицейі, 9 «В» сынып

Әр үміткер өзінің сайлау алды бағдарламаларын қорғап, таныстырды.

Барлық үміткердің бағдарламаларын тыңдап болғаннан кейін әр депутат құпия дауыс беру арқылы өзі қалаған үміткерге дауыс берді. Дауыс беру нәтижесі бойынша Балалар маслихатының хатшысы болып 60% дауыс жинаған ЖББ № 16 орта мектептің 9 сынып оқушысы Макен Дидар сайланды. Сондай-ақ бүгінгі сайлауға жылдағы Балалар маслихатының хатшысы қалалық Политехникалық колледжінің белсенді студенті Шеш Сағыныш та келді. Сағыныш, жинаған тәжірибесі мен жұмысын жаңадан сайланған Макен Дидарға табыстап, нәтижелі еңбек тіледі.  Балалар маслихаты өз жұмысын қайта жандандырды!

Дата: 4.03.2019, 10:14 Автор: Оқушылар сарайы