«Ұшқыр ой алаңы»

«Ұшқыр ой алаңы»

     2019 жылдың 28-ші қаңтар күні Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен, оқушылар арасында «Ұшқыр ой алаңы» атты қалалық пікірталас турнирі өтті. Дебаттық турнирдің негізгі өткізілу мақсаты – оқушылар арасында мектептік пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және мектептегі пікірсайыс қозғалысын қолдау. Турнирге қатысушылар қала мектептерінің 8-10 сынып оқушыларынан құралған дебаттық топтар. Төрешілер құрамы: Балқаш Политехникалық колледжі «Жұлдыз» дебаттық клубының жетекшісі Болат Елдос Өмірханұлы және оның мүшелері, яғни студенттер. Қазақ және орыс лигасында 7 Қарар бойынша 11 топ ойнады. Алғашқы іріктеу айналымынан кейін, топтардың жартысы сайыс алаңынан шығып, жартылай және финалдық ойында мықтылар сынға түсті. Өзекті мәселелер қызу талқыланып, жеңімпаздар реті анықталды.

Қазақ лигасы:

• І орын – «Алихан мұрагерлері» тобы (№15 мектеп-лицей);

• ІІ орын – «Өркен» тобы (ЖББ №8);

• ІІІ орын – «Сана»  (№2 мектеп-лицей);

• «Үздік спикер» – Мұханов Мақсат (ЖББ №25);

 

Орыс лигасы:

• І орын – «Жігер» тобы (ЖББ №4);

• ІІ орын – «Өрлеу» тобы (ЖББ №3);

• ІІІ орын – «Лига справедливости» тобы (ЖББ №1);

• «Үздік спикер» – Трубина Инесса (ЖББ №4);

         Қазақ және орыс лигаларында І орын иеленген «Алихан мұрагерлері» (№15 мектеп-лицей) мен «Жігер» ( ЖББ №4) топтары, 2019 жылдың 2 ақпан күні Қарағанды қаласында өтетін Республикалық пікірталас турнирінің облыстық кезеңіне жолдама алды.

Дата: 31.01.2019, 9:30 Автор: Оқушылар сарайы