"Ең креативті робот моделі" атауымен техникалық бағытта қашықтықтан байқауда нәтижеміз...

 

  2020 жылдың 5-12 мамыр аралығында Балқаш қаласының оқушылар сарайының ұйымдастыруымен "Ең креативті робот моделі" атауымен техникалық бағытта қашықтықтан байқау өткізілді. Қатысушылардың міндеті - өздерінің шығармашылық әлеуеті мен инновациялық ойлауын көрсету.

Байқау 3 номинация бойынша өтті: «Сурет салу», «Кез-келген материалдан жасалған модель», «Компьютерлік сурет/модель». Байқауға қаламыздың мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептерінен 14 бала қатысты.

Байқауға ЖББ №2 санаторлық мектеп-интернатының бастауыш сынып оқушысы Берлібек Сұлтан «Кез-келген материалдан жасалған модель» номинациясында «Био рука» жұмысын ұсынып, гран-при иегері атанды. Сұлтан мен жетекшісі Алдакиярова Айдана Айбатырқызын жетістігімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс тілейміз!

#ООБ_школадома

Дата: 13.05.2020, 8:59 Автор: Мектеп-интернат №2