Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына ...

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына ...

 

   Қазақ елі – ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Қиян-кескі шайқастарда талай боздақтарымыз қыршынынан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда майдан даласында аққан жұлдыздай із тастап кеткен батырлар аз емес. Ержүрек жауынгерлердің қатарында ерлікпен шайқасқан қазақстандық жауынгер, Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі, Отан алдындағы өз борышын орындаудың, Отанға шексіз беріліп қызмет етудің, әскери антқа адал болудың үлгісі бізге ұран болып жетті. Бабаларынан қанмен тараған рух пен тектілікті бойына жиып өскен Қазыбек Нұржанов нағыз лайықты батыр болғаны тарих парақтарында сайрап жатыр.

Биыл Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 75 жыл. Майданда көзсіз ерлік көрсетіп, Отан, туған жер үшін жауды жермен-жексен қылған боздақтар мен ардагерлерге қарыздармыз. Олардың өмір жолдары, өшпес ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қазақ батырларының алдында Кеңес Одағы қарыздар. Біз сіздерге мәңгілік қарыздармыз!

#ООБ_бессмертныйполк

 

Дата: 9.05.2020, 16:01 Автор: Мектеп-интернат №2