«Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайыс өтті...

«Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайыс өтті...

 

  2019 жылдың 14 қазанында ЖББ № 2 мектеп-интернатында «Дарынды бала» апталығы аясында 4 сыныптар арасында оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Тапқыр достар» атты интеллектуалды сайыс өтті.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде берілген сұрақтар, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін ортаға салды. Сайыс нәтижесінде «Алғырлар» тобы жинаған ұпайлар санына қарай алға шығып, жеңімпаз атанды.

Дата: 16.10.2019, 14:54 Автор: Мектеп-интернат №2