«Тіл – менің тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті...

«Тіл – менің тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті...

   

  «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» тілдер апталығы аясында қыркүйектің 17 жұлдызында 5-10 сынып оқушыларының арасында «Тіл – менің тірегім» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты: мемлекттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекттік тілімізді сүюге, тілімізді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстауға тәрбиелеу.

Сайыста оқушылар ақын-жазушылардың тіл туралы жазған өлеңдерін  мәнерлеп оқыды. Өлеңді мәнерлеп оқуда оқушылар екпінге көңіл аударып, автордың сөздерін дұрыс мәнерлеп оқып беруге тырысты. Сайыста  мәнерлеп оқуда ерекше көзге түскен балалар  мақтау қағазымен марапатталды: 1-орын – Сейфолла Сакен, 2-орын – Омарова Айсұлу, Разахова Баян, 3-орын –Өмірбек Темірбек, Әкімжан Дильназ, Қордабаев Батырхан.

Дата: 18.09.2019, 11:14 Автор: Мектеп-интернат №2