"Үштілділік білім беру қажет" тақырыбында дебат ойыны өткізілді...

 

 Қыркүйектің 16 жұлдызында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы»  тілдер апталығы аясында 9 сыныптар арасында Карл Поппер форматында дебат өтті. Қарар «Үштілділік білім беру қажет» атты ойында оқушылар бір-бірлерінің ойын тыңдап ортаға сала білді. Мақсаты оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу. Тіл біздің ертеңіміз, бабалардан қалған мұра екенін түсіндіру. Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу. Ойын ойдағыдай өтіп, оқушылар белсене қатысты.

Дата: 17.09.2019, 15:52 Автор: Мектеп-интернат №2